Текст
Ұлттық костюм тек киім ғана емес, бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрлері мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын "индикаторы" ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Шуйский ауылының ЖББ мектебінде "Ұлттық киім" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында балалар Қазақстан Республикасында тұратын түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен танысты. 6 сынып оқушылары "Ұлттық киім киіп оқимын" челленджіне қатысып, ұлттық киімдерін көрсетті.