Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 67 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілген - 0 қызмет;
ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер(egov.kz) - 6 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі) -29 қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің Akmola.kz,Ұстаз ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ( «электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда ) және көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасау арқылы өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу жолымен көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ( «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталын қоспағанда ) – 32 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау ;
3. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
4. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру ;
5.Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;
6. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау ;
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету; (монетизация, - ТЖ);
8.Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру ;
9. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау:
10. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға қабылдау, лауазымдардан босату
11. «Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдау;
12. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ресми интернет ресурсында орналастырылған http://sc0018.atbasar.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын ашық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде 2 мақала және 2 тікелей эфир жарияланды. Ай сайынғы негізде халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ бірыңғай Аkmola.kz ақпараттық жүйеде жұмыс істейді, сондай-ақ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ бағдарламасында жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР ОАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ жүйесі жұмыс істейді, онда 20-ға жуық мемлекеттік қызмет қолжетімді.
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2024-2025 жылдары 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.
