14 ақпанда 1-7 сынып оқушыларына арналған Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарған күніне орай "Ауғанстан: оқиғалар, фактілер, адамдар" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
1989 жылғы 15 ақпан. Бұл күн Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні ретінде тарихқа енді. Сол жылдардағы оқиғалар әртүрлі болып бағаланып келеді. Бұйрық бергендер, оларды орындағандар Ауған соғысына басқаша қарайды. Бірақ басқалар үшін Ауғанстан аумағында өткен әрекеттер бір үлкен қорқынышты сөзге — соғысқа сәйкес келеді. Бұндай соғыс ешқашан қайталанбау керек, одан алған сабақтарымыз өмір бойы есімізде қалады . Біз Ауған трагедиясын ұмытпауымыз керек және өз борышын адал атқарып, жер бетіндегі бейбітшілік үшін өз өмірін қатерге тігкендерді мәңгі есте сақтауымыз керек.