Текст
15 қарашада 10 және 11 сынып оқушылары арасында "Әдебиет білгірлерінің турнирі" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар әдебиет теориясы бойынша сұрақтарға жауап берді, жазушылардың портретін анықтады, қара жәшікте не жатқанын болжады. Іс - шара соңында қазылар алқасы командалар жауаптарын қорытындылап, жеңімпаз 10-сынып командасын марапаттады.