МИФ онкүндігінің ашылуы
17 ақпан күні біздің мектепте математика, физика және информатика онкүндігінің ашылуына арналған сап түзеуі өтті. Математика пәнінің мұғалімі Н. Н. Волкова онкүндіктің ашылуын жариялады, өлең-жұмбақ жасыру ойыны арқылы қатысушылармен жаттығу өткізді. Оқушылар рифмге сәйкес жауап береміз деп, кейбір жауаптары дұрыс болмады, ойын көңілді өтті. Одан кейін сөз кезегі жүргізуші 11 сынып оқушысы Р. Садвокасовқа берілді. Ол нақты ғылымдарды не үшін зерттеу керектігін еске салды. Сахнаға бірінші болып барлық ғылымдардың патшайымы "Математика" (Н. Мазур) шықты. Ол математика туралы өлең оқыды. 5 және 6 сынып оқушылары "геометриялық фигуралар" туралы қызықты көрініс көрсетті. Ғылым патшайымы "Информатика" ханшайымына (Бабенко К.) сөз берді. 5 сынып оқушылары информатика туралы көңілді шумақтарын айтты. Содан кейін "Физика" ғылымы (Эргарт А.) – жаратылыстану ғылымдарының патшайымы сөз алды. Физика мұғалімі А. М. Хамзина "Қара жәшік" сайысын өткізді, оқушыларға жұмбақтар жасырды. Балалар онда не салынғанын табу керек болды. Соңында мұғалімдер барлығына сәттілік тіледі және барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Математика мұғалімі Хамзина А.М.