"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӨЗЕНДЕГІ ЖӘНЕ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

15.06.2023

ӨЗЕНДЕГІ ЖӘНЕ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
I. Өзенде немесе ашық су қоймасында шомылу кезінде.
1. Жүзе алмасаңыз - терең жерде шомылмаңыз, үрлемелі матрацқа немесе басқа жүзу құралдарына үміттенбеңіз - олар астыңыздан сырғып кетіп,  батып кетуіңіз мүмкін.
2. Алысқа жүзбеңіз, шаршап кетсеңіз, жағаға дейін жете алмайсыз.
3. Үрлемелі құралдар (камера, матрац) сізден "кетіп қалуы" мүмкін,  жүзуді білмесеңіз, суға батып кетесіз.
4. Белгісіз жерде және қайырға сүңгуге болмайды, өйткені басыңызбен судың түбіне немесе басқа затқа соғылуыңыз мүмкін.
5. Басыңызды суға батырып, тереңдікте ойнамаңыз, тұншығып қалуыңыз мүмкін.
6. Құтқару құралдарсыз (құтқару кеудешесі немесе шеңбер) қайықта жүзуге болмайды.
7. Судағы қайықта ойнамаңыз, аударылып кетесіз.
8. Дебаркадерлерге, баржаларға, кемелерге қарай жүзбеңіз -  олар түбінің астына тартып алуы  мүмкін.
9. Өткел жерді білмесеңіз, өзеннен өтпеңіз. Шұңқырға түсіп кетуге болады.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст