"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Саптық және ән байқауы

19.05.2017

     6 мамырда біздің мектепте ҚР  Қарулы күштерінің 25 жылдығы мен ҰОС Ұлы Жеңісінің 72 жылдығына орай саптық пен ән және  әскери-патриоттық ән байқаулары өтті.  Саптық және ән байқауына 5-11 сынып оқушылары қатысты.  Ал әскери-патриоттық ән байқауына 1-11 сынып оқушылары қатысты. Сап және ән байқауы келесі критериялармен бағаланды: рапорт тапсыру, сапқа тұру тәртібі, сыртқы түрі, шумақты ұранды орындау, саптық адым, бір қатарға тұру, командаларды беру. Әр критерия 5 балдық шкаламен бағаланды.

Саптық және ән байқауында орта буын сыныптары арасында І орынға 7 сынып (сын.жетекшісі Старцева Т.А.), ІІ орынға 6 сынып (сын.жетекшісі Федорова Е.И.), ІІІ орынға 5 сынып (сын.жетекшісі Самойленко Е.В.) ие болды. Жоғары буын сыныптары арасында І орынды 10-11 сыныптардың оқушылар  құрамы, ІІ орынды 8 сынып, ІІІ орынды 9 сынып алды.

     Әскери-патриоттық байқауын да қазылар алқасы 5 балдық шкаламен бағалады.  Бұл іс-шараға 1-11 сынып

оқушылары қатысты.  Келесі критериялары бойынша бағаланды: орындаудың мәнерлілігі және эмоциялылығы, сыртқы түрі, вокалдық қабілеттері, сахналық мәдениеті, бағдарламаның байқау тақырыбына сәйкестігі. Қазылар алқасы  қатысушыларды үш жас санатында бағалады.  

  

Патриоттық ән орындау байқауында бастауыш буын сыныптары арасында  1 орынды 4 сынып оқушылары алды (сын.жетекшісі Кочергина О.Ю.), 2 орын – 1 сынып оқушылары (сын.жетекшісі Баринова И.В.), 3 орынды 2 және 3 сынып оқушылары бөліп алды (сын жетекшілері Годованец И.А., Есенова А.А.). Орта буын сыныптары арасында 1

орынды 6 сынып оқушылары (сын.жетекшісі Федорова Е.И.), 2 орынды 5 және 7 сынып оқушылары жеңіп алды(сын.жетекшілері Самойленко Е.В., Старцева Т.А.)  Жоғары буын сыныптары арасында 1 орынға 8 және

9 сынып оқушылары (сын.жетекшілері Гречко В.В., Мұсаипова Г.А.), 2 орынға 10-11 сыныптардың оқушылар  құрамы  (сын.жетекшілері Кулюбаева С.Е., Тоқжұманова Ә.Қ.) ие болды.   

     Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға болашақта үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

    

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст