"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіс мерекесі

19.05.2017

   Жеңіс күні –бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан, соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтерген батырлар есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Міне бүгін де оларды еске алып отырмыз... 

    9 мамырда таңертеңнен ауылда әскери әндер үні естіліп жатыр. Сағат 10-да Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған обелиск жанында салтанатты  митинг өтті. Митинг Макеевка ауыл округінің

әкімі Евдокимова Н.Ю. және аудандық маслихаттың депутаты М.Н.Садвокасовтың сөйлеген сөздерімен басталды.

    Бұл митингті өткізуіне мектептің педагогикалық  ұжымы және оқушылары белсене қатысты. Мектеп оқушылары тақпақ айтты, 8 сынып оқушысы Овчинникова Александрина  «Помни» әнін орындады. Сағат таңғы 7-ден бастап АӘД мұғалімінің жетекшілігімен обелиск жанында құрметті қарауыл  қойылды. Сонымен қатар «Өшпес полк» акциясы өткізілді, бұл акцияға біздің мектеп оқушылары белсене қатысты. Соғысқа қатысқандардың немерелері мен шөберелері  өз аталары мен бабаларының портреттерін ерекше мақтаныш сезімімен қолдарына ұстап өтті. Жеңіс үшін өздерінің өмірін қиған батырларының естелігіне бір минут үнсіздік жарияланды. Митинг қатысушылары  қаза тапқан батырларды  еске алып, ескерткішке

гүл шоқтарын қойды.  

    Митинг аяқталған соң Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған ауылдың мәдениет үйінде мерекелік концерт болды, онда да мектептің педагогикалық ұжымы мен оқушылары белсене қатысты.  Концерт қатысушылары тақпақ оқыды, ән айтып би биледі. Мұғалімдердің «Лира» вокалдық тобы «Люди, помните!» әнін орындады.  Қатысқан әртістердің орындаған номерлері көрермендерді жылылық пен мейірімділік әсеріне бөледі.

     Бүгінгі бейбіт өмір кешу үшін соғыста ата-бабаларымыз өз өмірлерін құрбан етті, асқан батырлық, батылдық пен ерлік көрсетті. Біз өмірімізді ешбір соғыссыз тыныштықта сүрудеміз. Біз сіздермен

мақтанамыз, ерліктеріңізді бүгінгі жастарға үлгі етеміз. Сондықтан да баршамыз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен батырларымызға әрқашанда тағзым етеміз!   

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст