"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы туралы есебі

19.05.2017

  12 мамырда біздің мектепте жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібіне қойылған мәселелер:

1.     Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі туралы.

2.    Демеушілік пен қайырымдылық туралы.

3. ҰБТ-ның жаңа форматы және мектеп бітіруге байланысты  іс-шаралар туралы.

4. Құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар суицидін  алдын ала ескерту туралы.

5.  Сұрақ-жауап.

    Бірінші және екінші сұрақ бойынша мектеп директоры Волкова Н.Н. сөз алды. Ол қамқоршылық кеңесі туралы толық мәлімет берді.

Ата-аналармен демеушілік пен қайырымдылық мәселесін талқылады. Наталья Николаевна ҚР БҒМ-мен әзірленген слайдтарды көрсетті. 

   Үшінші сұрақ бойынша ОТЖ жөніндегі директордың орынбасары Папинигис И.В. сөз сөйледі. Ол ата-аналарды сыныптан сыныпқа көшу және мемлекеттік емтихандар кестесімен таныстырды. ҰБТ-ның және 11 сынып оқушыларын  мемлекеттік аттестаттауының  форматы өзгергені туралы тағы бір рет еске салып кетті.   

    Төртінші сұрақ бойынша ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Тоқжұманова Ә.Қ. сөз алды. Ол  ата-аналарды мектеп жанындағы «Жұлдыз» алаңының кестесімен және экологиялық патрульдің жұмыс кестесімен таныстырып

өтті. Сонымен бірге Әлия Қайратқызы жаз кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы еске салды. Жазғы демалысқа кетер алдында ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалары үшін жауапкершілік туралы хабарлама таратылады. Онда 18 жасқа толмаған балаларына  ауыл көшелері мен қоғамдық орындарында сағат нешеден кейін жүруге болмайтын уақыты көрсетілген.  Сондай-ақ,  сол хабарламада жазғы кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулықтармен оқушылар таныстырылғаны туралы айтылған. Ашық су қоймаларында, жолда және қоғамдық көліктеріндегі қауіпсіздік техникасы.  

              Мектеп психологы ата-аналарға балалар суицидін алдын алу шаралары туралы тағы да ескерте түсті.  Өз балаларын үнемі бақылауға, туындаған мәселелеріне қызығушылық танытуға, балаларымен әңгіме құруға, тығыз

байланыста болуға  шақырды.

    Жалпы ата-аналар жиналысы нәтижелі өтті, ата-аналар әңгіменің белсенді қатысушылары болды.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст