Шуйскі орта мектебінде 25 мамыр күні соңғы қоңырауға арналған мереке болды. Акт залында ән мен музыка әуені естіліп жатты.
Әрине, 4 және 11 сынып оқушылары салтанатты сап түзеуінің басты кейіпкерлері болды, олар үшін бұл қуанышты және салтанатты сәт. Мектеп директоры Волкова Н.Н. оқушыларға ақ тілегін айтып, оларға алдында күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өтулерінде, өмірлеріндегі
ең басты мақсатына жетулерінде сәттілік тіледі. Бұл мерекеге құрметті қонақтар да қатысты:
Макеевка ауыл округінің әкімі - Евдокимова Н.Ю., Атбасар ауданының ОАЕ бас дәрігерінің орынбасары - Панасюра С.А. Қонақтар да түлектерді құттықтай отырып, оларға алдағы оқуда жетістіктерге жетулеріне және бітіру емтихандарын сәтті тапсыруларына тілектес болды.
4 сынып түлектері ән салды, тақпақ оқыды, сахналық көріністер көрсетті. Сынып жетекшісі Кочергина О.Ю. және мектеп әкімшілігі оқушыларға түлектер дипломдарын тапсырды. 4 сыныптың екі оқушысы оқудағы үздік жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
11 сынып мектеп бітірушілері де тақпақ оқып, ән салып, қоштасу вальсін биледі. Оларды ата-аналары, 1 сынып оқушылары және 9 сынып бітірушілері құттықтады. Бірінші сынып оқушылары мектеп бітірушілеріне арнап тақпақ оқыды. Содан кейін дәстүр бойынша 11 сынып оқушылары оларға дәмді әдемі торт сыйлады. 9 сынып бітірушілері «Вечер выпускной» деген көңілді әнін орындады.
Мектеп оқушылары барлық қатысушыларға нағыз мереке сыйлады. Түлектер бала шағымен
қоштаса отырып, өз сүйікті ұстаздарына алғыстарын айтты.
Барлық мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығады, ал 9 және 11 сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсыруға дайындалады. « Емтиханды сәтті тапсырыңдар!» деп тілегімізді білдіреміз.