Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Демалатын да міне уақыт келіп қалды. Бұрында даладағы, бақшадағы егін жиналғаннан кейін, жұрт той жасайтын – ән салып, ойын ойнап, би билейтін. Міне біз де 20 қазанда «Көкөністер дауы» деп аталған той-мерекемізге жиналып отырмыз.
Барлық 0 -4 сынып оқушылары бұл күнге бәр ынтасымен дайындалды: ән салуға, би билеуге үйренді, көріністерін дайындады, ата-аналары сынып жетекешілерімен бірге түрлі костюмдер дайындап, көкөністер мен жемістерден
дайындалған көрмені ұйымдастырды.
Мерекенің жүргізуші Күздің өзі болды, бұл рөльді тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Садвокасова Т.И. болды. Күз ханым мереке қатысушыларының барлығын құттықтады,оларға жұмбақ шешуін
ұсынып, бұл кеште сәттілік тіледі.
Бірінші болып жарысқа мектепалды даярлық сыныбы кірісті. Олар бәріне тән және пайдалы көкөніс қияр туралы айтты. Бүлдіршіндер би билеп, тақпақ оқыды.
Содан кейін 1 сынып оқушылары шықты, олар «Жүгері патшалығы» қойылымын көрсетті. Балалар құрамына жүгері кіретін азық-түлік өнімдерімен таныстырды. Патша мен ханшайымның биін билеп тамашалады.
Келесі сөз 2 сынып оқушыларына берілді. Олар түрлі пайдасы бар рекордшы өсімдік туралы әңгіме қозғады – бұл асқабақ. Содан кейін көңілді билерін көрсетті.
3 сынып әлемдегі экономикалық маңызды көкөніс дақылдарының ондығының біріне кіретін сәбіз туралы айтты. Олардың шығуы тамаша бір биімен басталды, содан кейін сәбіз туралы тақпақ оқыды.
Төртінші сынып оқушылары саңырауқұлақ туралы білімдерін көрсетті. Олар саңырауқұлақтар туралы өлең айтып, би биледі. Әр сынып ұсынған көкөнісінен жасалған тағамнан дәм тартқызды.
Соңында Күз ханшайымы демеушілер Рыбалко Г., Паршина Л., Чистякова А., Ахметова Г. ұсынған жемістерді барлық балаларға таратты.
Осындай мерекелерді өткізу арқасында күздігүні өзінді және жақындарынды күзгі жарқын бояуларымен қуантуға, көңілді көңіл кү.