"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әке – асқар тау

09.11.2017

Отбасы – бұл шағын мемлекет. Ол біздің құндылығымыздың, дәстүріміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сақтаушысы болып табылады. Берік отбасы – қуатты мемлекеттің кепілі.

  Бала үшін ананың маңызы зор. Әрине, оған сөз жоқ, сәбидің алғашқы айтатын сөзі  - АНА.  Ал баланың айтатын екінші сөзі қандай?   Ұл балаға тәрбие беріп, тура жол сілтейтін – әке. Әкесі әділ болуды, өз мақсатына жетуді, әлсіздерді қорғауды , достасуды үйретеді.   Отбасының нағыз ер азаматы қандай болуы тиіс- батыл, мейірімді, қайырымды- деген қызына түсінікті кім береді? -  Әрине қымбатты әкетайым.

    Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау.

  «Рухани Жанғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында Покровка орта мектебінің базасында «Әке – асқар тау» атты аудандық сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты  - әкенің отбасындағы рөлін арттыру, отбасылық тәрбиедегі оң тәжірибесін тарату, сондай ақ ауданның тамаша отбасыларымен танысу мүмкіндігі, олардың балаларына тәрбие беру және қарым-қатынас тәжірибесімен алмасу.

   Бірінші кезең  - қазылар алқасына отбасылар портфолиосын ұсынды, содан кейін балалар өзінің әкесі туралы презентация жасап айтты.  

   Сайыстың екінші кезеңінде өзінің отбасы туралы , болған тамаша сәттері, бірлескен  еңбек пен өткізген демалыстары, армандары мен жетістіктері туралы әңгімеледі. Біреу ән салды, біреуі отбасы туралы фильм

көрсетті, ал кейбіреуі әсерлі биімен залдың көңілін көтерді.

   Көрермендер отбасыларын қол шапалақтап қолдап отырды, өйткені олардың әрқайсысында жылы сезім мен махаббат орнады, ата-анасына деген құрмет, балаларына деген қамқор байқалды.  

    Сайыстың үшінші кезеңінде отбасылар «Балық аулаймыз», «Ең жақсы ұшақ», «Шариктан жасалған анама

гүл», «Пантомима» конкурстары жарысына шықты.

   Білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. әр отбасын сайысқа қатысқанын белгілеп қана қоймай, олардың бастама мен шығармашылығы үшін ризашылығын білдірді. «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рақышева Б. отбасыларына бейбітшілік пен береке тіледі, ал сайысқа түскен әкелерге 

белсенді болуға, жақындарына қамқор болып, үздік әке болуларына тілектес болды.  

 Қатысқан әр отбасына қатысушы дипломы және естелік сыйлықтар берілді, ал залдағы көрермендер жақсы көңіл-күй мен жүрек жылуына бөленді.

   Бұл іс-шара жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің, ата-аналар мен балалардың  көңілінен шықты.

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст