Текст
Қауіпсіз мектеп автобусы акциясы шеңберінде мектеп кітапханасында «Жол жүру ережесін көбейту кестесіндей біл!» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме мақсаты:
- мектепте оқитын балаларға арналған жол жүру ережесі туралы әдебиетпен танысу;
- жол жүру ережелерін оқушылардың естеріне салу.
Көрмеде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша әртүрлі кітаптар ұсынылған.