Мына дүниеде тіршілік еткен әрбір адамның өмірі – өз алдына бір тарих. Себебі, әр адам, әр тұлға қайталанбайды, ол өз болмысымен, өз жаратылысымен ғұмыр кешеді. Менің есімім Руслан Садвокасов, мен 9 сыныпта Шуйскі орта мектебіңде оқимын. Менің отбасымда үш адам бар, олар : әкем-Мурат Нурбекович Садвокасов, анам –Татьяна
Ивановна Садвокасова, ағам Тимерхан – ол студент, кішкентай сіңлім Тамила және менмін.Менің әкем 31 наурызда 1975 жылда, Старый Колутон станцияда дүиеге келген. Оның ата-аналары қарапайым адамдар болған. Атам қойларды бақты, ал әжем сауыншы болып істеген.Әкем көпбалалы отбасыңда ең кіші алтыншы бала болған.Ол
Митрофановка ауылда мектепті бітіріп, Кащи деген училищте оқыған. Содан кейін ол әскерге барып,Алматы қаласында әскери қарызын берді.Әскерден кейін Целиноград институтына оқуға түсті, оның мамандығы - агроном.Білім алған соң ол агроном-семеновод болып істеген.Қазір біз Шуйскі ауылда тұрамыз.Менің анам және
әкем бірінші сыныптан бастап бірге, бір сыныпта, бір мектепте оқыған.Олар үнемі бірге болған, қазір де олар бірге. Біздің отбасыңда әкеңнің сөзі –заң.Менің әкем сымбатты, ақылды, білімді, еңбекшіл адам. Оның балалық шағы жақсы болған.Әкем де, анам да жақсы өмірге,өздерінің табандылығымен, еңбексүйгіштігімен, әсіресе шыдамдылығымен қол жеткізгені анық. Әкем өз еңбек жолын ерте бастаған.Құрметті де осы еңбектен тапқан. Біз, балалары,балалық кезіңнен үнемі ерекше құрметпен айтқан сөздерді естідік. «Жақсы сөз — жарым ырыс»- осы мақалды біз жиі
естідік.
Әкем бізге айтқан, өмірде ешкімге жаман сөздерді айтпаңдар, өйткені жаман сөздерді тек жаман адамдар айтады. Мен жас кезімнен-ақ әкеме ұқсағым келіп, оның осындай асыл қасиеттерін бойыма сіңіріп өсіп тұрмын. Әкем әрбір қадамын нық басатын, айтқан сөзінде тұратын, әділетсіздікке төзбейтін, шындықты, адалдықты жақсы көретін еңсесі биік адам.Менің атам өз балаларына да өсиет берген: «Әр іске әділ болыңдар, қолыңнан келсе, өз бауырларыңа, артылса, басқаларға жақсылық жасап, пендешілікті ұмытып, өзара тату болыңдар»,– деп отыратын.Осы сөздерді әке бізге де айтады.Осы айтылған сөздердің бәрі де біз үшін үлкен тәрбие, өмірге деген құштарлықты қалыптастыратын ерекше көзқарас екен. Бұл көзқарас біздің бойымызға әке-шешеміздің бір-біріне деген шынайы сыйластығы мен
қарым-қатынасы арқылы сіңді ғой деп ойлаймын. Біздің балалық шағымыз бақытты өтіп жүр.Себебі, жанымызда арқа сүйер, үлгі тұтар әкеміз, көркіне ақылы сай анамыз бар. Біз оларға қарап тәрбие алып отырмыз.Мен әкемнен үйренерім істері өте көп.
Мен әкеммен әрқашан ұзақ әңгімелесеміз.Сен маған тартқансың, мінезің де ұқсайды. Балам, адал бол, таза бол, бірақ абай бол!- жиі айтып отыр. Анам – әдемі, ақылды, кішіпейіл адам. Менің анам – нағыз даланың даналығын
бойына жиған адам. Олай дейтінім, анам табиғатынан сезімтал, адам жанын түсінетін, қиналғанға қол ұшын беріп, мейірім-шуағын төгіп тұратын, ағайын мен көрші-қолаңды біріктіретін нағыз психолог. Біз, балалары, осындай
әке- анамыздың болып жүрген Аллаға шүкіршілік айтамыз. Сонда да оларды біз күнде көреміз, тыңдаймыз. Мен өз отбасымды жақсы көремі, сыйлаймын мақтан етемін.Біздің отбасымыз тату тұрады.
Анам біреуге ана, біреуге абысын, біреуге апай, ал біреулерге жанашыр дос болып өмірден өтті. Жүрген
жерінде, әр адамға өз көмегін көрсетеді. Халқымызда «Кірбің жиған кеудені кір басады» деген сөз бар ғой. Анамның
апасы бізге: «Сендер жүрген ізін аңдып, жаман ойға қалмаңдар. Адамның ниеті түзу болу керек. Жүрген ортаңда
қадір-қасиетің болу үшін, айтқан сөзіңе, тіршілігіңе сай, қанағаты мен тәубесі бар адам болыңдар»,- деген.
Мен анна-әкеме өз көмегімді ешқашан аямадым. Яғни, балалық парызы -қарызыңды беруге керек. Қазақ нақыл сөзі сол туралы: «Ата-анаң мәңгілік емес, жүрегін ауыртпа, қайғыға түсірме! Олар бұл дүниеден озғанда өкінгенмен не пайда?» - дейді. Бұдан шығатын түйін: «Жасайтын жақсылығыңды тірісінде жаса, қуаныш сыйла, өміріне қуат беріп, сыйлап өтуге өзіңді-өзің тәрбиелеуге тырыс!Тәуелсіз еліміздің әрбір отбасында атадан қалған салт-дәстүр
жалғастығы ұмытылмай, бала тәрбиесі өзекті мәселе болуы тиіс. Баланың ата-ана алдындағы борышы да көңілден тыс қалмаса игі. Бұл ата-ана мен бала арасындағы ерекше сезім – ата-ананың балаға деген, баланың ата-анаға деген махаббаты болса керек.