Текст
12 желтоқсанда «Алтын бесік» балабақшасының базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған аудандық балалар патриоттық әндерінің фестивалі өтті. Онда Шуйскі орта мектебінің жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиеленушілері де қатысты. Балалар Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, «Большой хоровод» ( авторы Жигалкина Е) әнін орындады. Солисттердің өнер көрсетуі бимен жарасты.
Бүлдіршіндер өздерінің шеберлігін, әртістік қабілеттері мен сахналық бейнесін көрсете алды, соның арқасында байқауға 18 қатысушылардың ішінен 3 орынға ие болды. Ата-аналар, тәрбиешілер қызығушылықпен, мақтанышпен кішкентай әртістердің өнерін бақылап отырды.
Біздің балаларымыз – біздің мақтанышымыз!