"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шускі ОМ жанындағы шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерінің ӘБ-нің онкүндік шеңберіндегі жұмысы туралы есеп

25.12.2017

 2017 жылғы желтоқсанның  18-і мен 28-і аралығында шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерінің онкүндігі өткізілді.  Онкүндік балалар мен қонақтарға арналған мерекелік қойылымнан басталды. Бүлдіршіндер өлең айтып, «Алға Қазақстан» биін биледі. Әрбір тәрбиеші ашық сабақ пен іс-шара өткізді.

          Тәрбиеші Шабанова И.Ф. шағын орталықта «Жыл мезгілдері» тақырыбына қоршаған ортамен таныстыру  пәні бойынша ашық сабақ көрсетті. Сабақ ойын түрінде түрлі-түсті көрнекілік, АКТ, ОТҚ қолданылып өткізілді, жұмыс түрлері заманауи және тиімді болды.  

    Балалар берілген тақырыпқа жұмыс жасай білетіндерін  көрсете алды.  Жұмысты орындау барысында балалар бір-біріне белсене көмектесті, тәрбиешінің кеңестеріне құлақ асты. 

     Онкүндікті өткізу барысында тәрбиеші Шабанова И.Ф. «Теремок», «Үш аю», «Ақ бота» ертегілерін балаларға

оқыды. 

   Тәрбиеші Сысоева А.Н. жаратылыстанудан ашық сабақ өткізді, тақырыбы «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз». Тәрбиеші сабағында көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдарын қолданды. Сабақ мақсатына жетті,  сабақтың оқыту, дамыта оқыту, тәрбиелік  мәні белгіленді.

       Шағын орталық пен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты

іс-шарасын дайындап өткізді.  Мерекеде Қазақстан туралы ән айтылды, тәрбиеленушілер біздің еліміз туралы тақпақ оқып би биледі, ұлттық ойындарын ойнады, мереке тамаша және қызықты өтті.  Іс-шара дәстүрлі  шашу шашумен аяқталды.

      Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Годованец Н.А. математикадан «Заттардың көптеген бірлестігі»

тақырыбына ашық сабақ өткізді.  Сабақ ойын түрінде көрсетілді, түрлі-түсті көрнекіліктер қолданылды. Сабақтың

рефлексиясы қызықты  өткізілді.  Мұғалім пәнаралық оқыту тәсілдерін көрсете алды. Сабақ  жұмыстың  алуан түрлі формаларына қанық болды.

      Қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А. О. мектепалды даярлық тобында  «Мынау – қоян» тақырыбына  қазақ тілінен ашық сабақ өткізді.    Балалар электронды оқулықпен жұмыс жасау барысында қызығушылықтарын танытты, ал жаңа тақырыпты бекіту кезеңіне мұғалім  түрлі-түсті слайдтар дайындап қолданды.   Сабақта оқушылардың қызмет

түрлерінің бірнешесі  көрсетілді,  пәнаралық байланыс та байқалып жатты.  Балалар сабаққа белсене қатысып, қазақ

тілінен білімдерін көрсете алды.

    Онкүндіктің ішінде  «Қысқы ертегі» тақырыбына балалар суреттерінің  көрмесі және «Біздің Қазақстан» атты  қолөнер көрмесі  ұйымдастырылып өткізілді.

       Бұл онкүндік балалардың өмірін жарқын ету , қызықты ету және байыту үшін жағдайлар жасау мақсатымен өткізілді. Балалар үшін балабақша мейірімділік пен  ізгіліктің «ошағы» болсын деген, әр бала өзін осында жайлы және жылы сезініп жүрсін деген қалауымызды білдіреміз..

  2017 жылдың 28 желтоқсанында   әдістемелік бірлестігінің отырысында онкүндіктің талқылауы  жасалып, өткізілген жұмыс  «үздік» деп бағаланды.

Просмотров: 730


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст