Міне Қыс аруы көптен күткен жаңа жылдық көңілді мерекелерін алып келді, барлықтарына сыйлықтарын тапсырды! Ал біздің балалар мен ата-аналар үшін қонақжай балалар қабырғасында 2017 жылдың 28 желтоқсанында жаңа жылдық ертеңгілігі өткізілді.
Бүлдіршіндер Аяз Атамен және Ақшақармен көңілдерін көтерді, қыс туралы тақпақ айтып, ертегілер кейіпкерлерімен бірге ән салып, би билеп, көңілді ойындарға қатысты. Балаларымен бірге ойындарға қатысуы ата-аналар үшін де тосын сый болды. Барлықтары сыйлықтарын алып, сонымен қатар керемет көңіл-күйге бөленді!
Жаңа Жыл – армандарымыздың орындалатын кезі, ал балалар үшін жаңа жылдық мереке Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып, сиқыр сезім қалдыратын кездесуіне дайындалып күтетін сәттері. Бала бақшада мерекелік көңіл-күй орын алды, барлығын ертегілер әлемі құшағына алды. Бүлдіршіндерге қонаққа Аққала, Гном, Сиқыршы келді, олар балалармен бірге Жаңа жылды қарсы алып, олардың көңілін ойын-күлкімен көтеріп жақсы уақыт өткізді.
Балалар мен олардың ата-аналары жаңа жылдық мерекелік қойылымға белсенді қатысты. Бірге шырша айналасына хоровод жүргізді, ойындар ойнады. Әрине, Аяз Атадан тәтті сыйлықтарын да алды!
Бұл мереке барлықтарының көңілдерінен шықты, мереке керемет көңілді өтті. Ата-аналар сыйланған жақсы көңіл-күй мен қуанышы үшін ұйымдастырушылар мен қатысушыларына ризашылықтарын білдірді.