«Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндікті өткізу шеңберінде жетінші сынып оқушылары «Жүректен жүрекке» атты
қайырымдылық акциясына қатысты. Сынып жетекшісі Федорова Е.И. және өзін-өзі тану мұғалімі Старцева Т.А. балалармен мейірімділік, бауырмалдық және рақымдылық сияқты адам баласына тап қасиеттері туралы әңгеме құрды. Сынып жетекшісі оқушыларына ауылымызда жалғыз басты қарт тұрғыны Н.Носоноваға көмек көрсетуін ұсынды, үйінің ауласын қардан тазалап беруді. Сынып оқушылары бұл ұсынысты қуана қарсы алды, белгіленген уақытты әжейдің үйінің жанында жинала қойды. Олар бұл істерін әжейдің өзіне айтпай, білдірмей жасаймыз деген шешімге
келді. Балалар көтеріңкі көңіл күймен таза ауада ауланы қардан тазалап шықты. Өздерінің ізгі ниетпен жасаған игі істеріне көңілдері толып, қайырымдылық жасау адамның жақсы қасиетінің бірі екенін түсіне білді. Балалар үйлеріне мақтаныш және қанағаттану сезімдерімен қайтты.