«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Атбасар қ. №3 ОМ-інде 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тіл дарыны» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың негізгі шарты үш тілді білу: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін. 9 сынып оқушысы Юрченко Евгения біздің мектептің намысын қорғауға барды. Байқау 12 тапсырмадан тұрады: "Полиглот", "Мәдениеттаным", "Ұлттаным", "Эрудит", "Тең шарттарда диалог",
"Жағымды әңгімелесуші", "Ең үздік мәнерлеп оқушы", "Отанымыздың патриоты", "Экскурсия жетекшісі",
"Жас ақын", "Үздік каллиграфист", "Өнертаным". Байқау қатысушылары барлық тапсырмаларды жазбаша орындап, содан кейін ауызша қорғады. Байқауға қатысу барысында Юрченко Евгения жақсы білімін көрсете алды,
байқаудың қорытындысы бойынша 3 орынға ие болды. «Тіл қаруы – ой, сөз қаруы – ой» деген қазақтың мақалы бар. Тіл халықтың жан дүниесін көрсетеді. Тіл- құрметтеуге лайықты байлық десек, қателеспейміз. Біздің жастарымызға тілді меңгеру қажеттілігі өте маңызды. Тілдер бірлігі – бұл егеменді республикамыздың негізгі күші.