Текст
8 Наурыз мерекесі қарсаңында 6-сыныпта 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: 8 Наурыз мерекесінің пайда болуы туралы білім алушылардың білімін кеңейту, оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін, шығармашылық коммуникативтік қабілеттерін дамыту; ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің дағдылары мен біліктілігін дамыту; сыныптастарына құрметпен қарау және жолдастық сезімін тәрбиелеу.
Сынып сағатында сынып жетекшісімен бірге ұлдар қыздарға арналған қызықты викториналар өткізді, мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып, дайындаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.