Текст
8 наурыз - күннің алғашқы көктемгі сәулесімен, қызғалдақ пен сыйлықтармен есте қалатын тамаша мереке! Мереке қарсаңында біздің мектеп оқушылары Халықаралық әйелдер күніне арналған суреттер салды. Жас суретшілер өз жұмыстарында өздерінің шексіз сүйіспеншіліктерін сүйікті аналары мен әжелеріне жеткізуге тырысты. Суреттер түрлі-түсті және әсерлі болды.