"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың сөздік қорын молайтуға арналған ойындар.

27.02.2023

Балалардың сөздік қорын молайтуға арналған ойындар.
Адамзаттың тарихи дамуының барлық кезеңдерінде сөздік қоры мол адамдар бағаланып, таңдануға лайық болған. Сөздіктің кедейлігі толық қарым-қатынасқа, демек, баланың жалпы дамуына кедергі келтіреді. Ал, керісінше, сөздік қорының молдығы сөйлеу тілінің жақсы дамығандығының белгісі және ақыл-ой дамуының жоғары көрсеткіші.
Қазіргі кезеңде зерттеушілер балалық шақтың білім жинақтауында, сөздік қорын қалыптастырудағы орасан зор рөлін дәлелдеді. Балалардың сөздік қоры психологияда дәлелденген қоршаған шындықты, объективті дүниені білудің арқасында қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойынды пайдалану сөйлеу белсенділігі мен мәдениетін арттырып қана қоймай, сөздік қорын байытады.
Дидактикалық ойын барысында балалар сөздің пәндік қатынасын және оның ұғымдық жағын меңгереді, тілдің лексикалық жүйесінің бірлігі ретінде «сөз» ұғымын меңгереді.
Логопед Рыстаева Р.Ю.

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст