"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу-жарық

26.12.2022

Баламен өлеңді қалай оңай жаттауға болады
Бала әр түрлі сылтаулармен өлеңді жаттаудан бас тарта алады:  «Мен жаттай алмаймын», «Мен жаттағым келмейді» немесе түсіндірмей-ақ өз ісімен айналысуға кетіп қалуыда мүмкін. Сондай-ақ, өлеңді жаттауды қаламаудың себебі, әдетте, бір: есте сақтау керек жаңа ақпараттың мөлшері тым көп болуы.  Кішкентай баланың миы ақпараттық жүктемелерден  жай ғана  қорғануға тырысады.
Бірнеше ұсыныстар:
Балаға өлеңдерді жаттау оңай және жағымды болуы үшін оны туғаннан бастап ырғақты ұйымдастырылған ақпаратқа үйрету керек. Мұнда рифмдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар көмектеседі. 
Баламен өлең ырғағына қарай қимыл жасаңыз. Мұнда аяқтың адымы, қолдың тегіс қозғалысы, денені серпу және т.б. қолайлы.
Доп. Сіз өленнің бір жолын айтып, допты балаға лақтырасыз. Ол жолды қайталайды және допты сізге қайтарады. Сіз келесі жолды айтасыз және тағы да допты лақтырасыз, солай жалғастырасыз.
Баламен өлеңнің суретін салуға болады. Бұл бір сурет болуы мүмкін, немесе кітапқа жиналған шағын суреттеменің тұтас сериясы болуы мүмкін.
Балаға рифма үйреншікті және есте сақтау оңай болуы үшін күнделікті өмірде рифмалық сөздерді жиі қолдану керек, мысалы: кисуля-раскисуля, «ах, какое блюдо, понравится даже верблюду», Антошка-картошка.
Логопед Рыстаева Р.Ю.

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст