Текст
     
                                
             18.12.2022
                18.12.2022
        15 желтоқсанда Б.Құрманқұлов атындағы спорт кешенінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жоспар аясында "Көңілді старттар" спорттық іс-шарасы өткізілді.
Спорттық мерекеге үш команда белсенді қатысты:
- ата-аналар тобы;
- мұғалімдер тобы;
- студенттер тобы.
Бұл жарыстарда бәсекелестердің жасы да, физикалық дайындығы да маңызды емес болды. Қатысудың негізгі шарты- салауатты өмір салтын ұстану немесе олардың қатарына қосылуға дайын болу. Командалар финишке  қандай нәтижелермен келеді- бұл тек олардың бірлігі мен ұйымшылдығына байланысты.