Білім басқармасы мен "ІQanat" қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес, ауыл оқушыларын сапалы білім алуға ынталандыру деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылғы 31 қазан - 4 қараша аралығында Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған "Hucuton" IT-camp өтті.
Хакатонға ІQanat олимпиадасының облыстық және республикалық турларының жеңімпаздардың дайындаған ауыл мектептерінің мұғалімдері шақырылды. Атбасар ауданынан математика және физика пәнінің мұғалімі Е.В.Аяндинова қатысты. Әрбір мұғалім IT-дағдыларды дамытуға бағытталған Excel, Power Point, Publisher және "Бейне және фотомонтаж" бағдарламалары бойынша оқытудан өтті. Мұғалімдер үшін оқушылардың инженерлік-техникалық ойлауын қалыптастыру бойынша тренинг және практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар олар үшін онлайн-оқытуды ұйымдастырудың, функционалдық жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың, әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді іске асыру арқылы оқушылармен тәрбие жұмысының Ата-аналар университетінің жұмысы арқылы ата-аналармен ынтымақтастықтың ерекшеліктерін ашатын шеберлік сыныптары мен тренигтер ұйымдастырылды.