Текст
Жыл сайын 22 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтіледі. Мерекенің мақсаты-Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, балаларды өз халқының ғана емес, еліміздің кең даласында мекендейтіндердің барлығының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
5 қыркүйек күні Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ тілі мұғалімі Ажар Сансызбайқызы оқушыларды іс-шаралар жоспарымен таныстырды, мақсатын айтып, онкүндіктің ашылғанын жариялады.