23 маусым күні Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі базасында Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі кеңесінің жоспарлы отырысы өтті, оның жұмысына Шуйский ауылының ЖББМ директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Папинигис Инна Владимировна да қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2021-2022 оқу жылының аяқталу қорытындысы.
2. 2022-2023 оқу жылының жылу беру маусымына қазандықтарды дайындау.
3. 2022-2023 әдістемелік нұсқау хат жобасын және басқа да мәселелерді талқылау.
"Есіл" ЕСК жазғы сауықтыру кезеңіне дайындық, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қорытындылары бойынша директор Т.И.Садвокасова және Шуйский мектебі қызметкерлерінің ұжымы білім беру бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушинаның алғыс хатымен марапатталды.