Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау «Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы немесе қағаз жеткізгіште құжаттар тізбесін ұсынады: өтініш;
Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін),
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіштегі құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші тиісті құжаттардың қабылданғаны және есепке алынғаны туралы немесе дәлелді бас тарту қолхатын береді.
Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім беру ұйымынан шығушы басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон береді, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектеп көрсетіледі, бұдан әрі тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, мекенжайы көрсетілген мектеп және оның жеке ісі көрсетілген кету туралы есептен шығару талоны беріледі.
Кету туралы есептен шығару талоны білім алушының келген білім беру ұйымына ұсыну және жеке ісін тапсыру үшін беріледі. Бастауыш, негізгі орта, орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір орта білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру растайтын құжаттардың негізінде білім беру ұйымдары басшыларының оқуға қабылдау / оқудан шығару туралы бұйрықтарымен жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.