"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баламен өлеңді қалай оңай жаттауға болады

24.12.2021
Баламен өлеңді қалай оңай жаттауға болады
Бала әр түрлі сылтаулармен өлеңді жаттаудан бас тарта алады:  «Мен жаттай алмаймын», «Мен жаттағым келмейді» немесе түсіндірмей-ақ өз ісімен айналысуға кетіп қалуыда мүмкін. Сондай-ақ, өлеңді жаттауды қаламаудың себебі, әдетте, бір: есте сақтау керек жаңа ақпараттың мөлшері тым көп болуы.  Кішкентай баланың миы ақпараттық жүктемелерден  жай ғана  қорғануға тырысады.
Бірнеше ұсыныстар:
1. Балаға өлеңдерді жаттау оңай және жағымды болуы үшін оны туғаннан бастап ырғақты ұйымдастырылған ақпаратқа үйрету керек. Мұнда рифмдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар көмектеседі. Егер туғаннан бастап анасы мезгіл-мезгіл әртүрлі өлеңдер мен жаңылтпаштар айтқызса, олар өздері есте қалады және баланың жады табиғи түрде дамиды. 
2. Баламен өлең ырғағына қарай қимыл жасаңыз. Мұнда аяқтың адымы, қолдың тегіс қозғалысы, денені серпу және т.б. қолайлы.
3. Өлеңді жаттау үшін сіз допты қолдана аласыз: сіз өленнің бір жолын айтып, допты балаға лақтырасыз. Ол жолды қайталайды және допты сізге қайтарады. 
4. Баламен өлеңнің суретін салуға болады. 
Логопед – мұғалім Рыстаева Р.Ю.
Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст