"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша дидактикалық ойындар

23.12.2021

Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша дидактикалық ойындар
Д\о  «Золушка»  немесе  «Мұқият бол»
Мақсаты: Балаларға қатысты әрекеттерді орындауға, заттарды түсі, өлшемі, құрылымы бойынша сұрыптауға үйрету.
Құрал-жабдықтар: сұрыптауға арналған ыдыстар, материалдары – түймелер, моншақтар, қақпақтар, бұршақтар, чиптер немесе мозаика.
Д\о  "Нысанаға тигізу"
Мақсаты:  Көз мөлшерін, зейінді дамыту, шотты бекіту.
Құрал-жабдықтар: Түрлі түсті түймелер( немесе қақпақтар), контейнер.
Д\о  «Қақпаға гол кіргіз»
Мақсаты: Тыныс алу аппаратын, қолдың ұсақ моторикасын, көз мөлшерін дамыту. 
Құрал-жабдықтар: Шартты қақпалар, түймелер - басу үшін немесе коктейль түтігі және майлықтың бір бөлігі-үрлеу үшін.
Д\о  «Көңілді қарындаштар» жаттығуы
Мақсаты: қолдың қозғалысын үйлестіруді жақсарту, саусақтардың қозғалғыштығын , ұсақ моториканы дамыту.
Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қарындаштар, киндер, көздер. 
Жаттағу барысы: Бала қарындашты екі алақаны  немесе саусақтарынын  арасында домалатып , келесі сөздерді айтады : «Қарындашты алақанымда домалатамын, саусақтарымен айналдырамын».
Ұсақ моториканы дамыту бойынша жүйелі, мақсатты жұмыс баланың психофизиологиялық саласындағы әртүрлі кемшіліктер мен ауытқуларды жеңуге көмектеседі. Есте сақтау қабілеті едәуір артады, назары тұрақты болады; оның концентрациясы жоғарылайды, шығармашылық қиялы белсенді дамиды, гипер қозғыштығы төмендейді, қолдың бұлшықет әлсіздігі жоғалады .
Логопед – мұғалім Рыстаева Р.Ю.

 

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст