Текст
Мектеп бітіруші сыныптың әрбір оқушысы таңдау алдында тұр, атап айтқанда - бұл мамандық таңдау. Олар үшін болашақта қандай маман болғысы келетінін анықтау өте қиын. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізу арқылы, біз оқушыларға өз бағытын және мүмкіндігін анықтауға көмектесеміз.
Жоспарға сәйкес 9 сынып оқушыларымен Климовтың диагностикалық сараланған сауалнамасы және Р.Кеттеллдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдістемесі бойынша кәсіптердің жіктемесін анықтау үшін диагностикалық тестілеу жүргізілді.