Текст
Бірінші желтоқсанда қазақстандықтар еліміздің Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Мереке Тұңғыш Президенттің республика мен бүкіл халық алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында бекітілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Конституцияға сәйкес Республика Президенті сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы . Мереке қарсаңында біздің мектепте барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, буындар бойынша салтанатты жиын өтті.