"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?»

07.09.2026

Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде Отбасы күнін мерекелеу аясында «Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар ұрпақтар арасындағы өзара түсіністіктің маңызы, үлкендерді құрметтеу және отбасындағы қарым-қатынастың құндылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Оқушылар әр ұрпақтың бір-бірінен үйренері көп деген қорытындыға келді: үлкендеріміз өмірлік тәжірибесімен, даналығымен және отбасылық дәстүрлерімен бөліссе, жас ұрпақ жаңа білімдерімен, әлемге деген заманауи көзқарасымен және технологияларды меңгеруімен бөлісе алады.
Өткізілген іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты сақтаудың, бір-біріне құрметпен, ықыласпен қараудың және бір-бірін тыңдай білудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

Просмотров: 137

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст