"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Қазақстан Республикасының Конституциясы.

01.09.2026
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты
 
1 қыркүйек күні Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: «Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналған бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияның ел өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңдарды сақтаудың және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Адал еңбек, заңға бағыну, жауапкершілік, қоршаған ортаға құрметпен қарау және табиғатты аялау құндылықтарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқушылар «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» тұжырымдамалары мен бастамаларында белгіленген негізгі идеялармен танысып, адалдық мәдениетін қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызын талқылады.
Өткізілген сынып сағаты жаңа оқу жылының маңызды бастамасына айналып, білім алушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті және елдің болашағы әрбір азаматқа байланысты екенін түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.
Просмотров: 160

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст