22.07.2026
Назарларыңызға арнайы әлеуметтік қызметтерді мүгедектігі бар адамдарға осы қызмет түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардан ғана алу ұсынылатынын жеткіземіз.
Лицензиясыз қызмет көрсететін ұйымдардан қызмет алу: көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне;
күтілетін оңалту әсерінің болмауына;
денсаулық жағдайының нашарлауына;
организм функцияларының бұзылуына және басқа да қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға жүгінбес бұрын, таңдалған ұйымның қызметін заңды негізде жүзеге асыратынына және қажетті рұқсат беру құжаттарының бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз.
Тиісті лицензиясы жоқ ұйымдардың арнайы әлеуметтік қызметтер көрсеткені туралы ақпарат болған жағдайда, уәкілетті органдарға хабарлауыңызды сұраймыз.
Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар және тек тексерілген ұйымдарды таңдаңыздар!