Текст
02.07.2026
Бүгін мектебімізде «Жастар» аула клубының жұмысы өз бастауын алды. Алғашқы күні қатысушылар клубтың жұмыс бағдарламасымен танысып, клуб жетекшісі өткізген қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқамадан өтті.
Алда балаларды бір ай бойы қызықты іс-шаралар, шығармашылық жұмыстар, ойындар, достық қарым-қатынас және жарқын әсерлер күтіп тұр. Аула клубы 1–31 шілде аралығында жұмыс істеп, оқушылардың жазғы демалысын қызықты, пайдалы әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік береді.
Клуб жетекшісі – Бентя И.Б.