Текст
01.07.2026
Жазғы мектеп жанындағы «Жұлдыз» лагерінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Арманыңды кітаптан тап» атты дауыстап оқу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында балалар кітаптың ғажайып әлеміне саяхат жасап, өз армандары туралы ой бөлісті. Олар әрбір оқылған кітаптың жаңа идеялардың, білімнің және шабыттың қайнар көзі бола алатынын түсінді.