"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Қимылда да, қатып қал!»

17.06.2026

 «Жұлдыз» мектеп жанындағы алаңында ерекше көңілді әрі қызықты күн өтті!
Таңертең балалардың көңіл-күйін көтерген «Қимылда да, қатып қал!» атты сергіту жаттығуынан басталды. Балалар музыка әуенімен түрлі қимылдар жасап, ептіліктері мен зейіндерін шыңдады.
Кейін балалар нағыз детективтерге айналып, «Із кесушілер» ленталық агенттігінің жұмысына қатысты. Жас ізшілер жасырылған ленталарды тауып, жұмбақтарды шешіп, тапқырлықтарын көрсетіп, бірлесіп жұмыс істеуді үйренді.
«Мен анамның аспазымын» атты шеберлік сабағы ерекше қызығушылық тудырды. Балалар өз қолдарымен пайдалы әрі дәмді жеміс-жидек кәуаптарын дайындады. Әрқайсысы түрлі жемістерден әдемі композициялар жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Күн таза ауадағы белсенді ойындармен аяқталды. Балалар тығылмақ, соқыртеке, футбол ойнап, көңілді жарыстарға қатысып, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Бұл күн балаларға жарқын әсерлер мен қуанышты сәттер сыйлап, қызықты әрі танымды өтті! 

Просмотров: 364

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст