"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен білімдерін сынады.

15.06.2026

Бүгін 11-сынып оқушылары үшін маңызды күн болды – олар қорытынды мемлекеттік аттестаттау аясындағы соңғы емтиханын тапсырды. Бітірушілер «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен білімдерін сынады.
Емтихан барысында оқушылар берілген мәтіндерді мұқият оқып, олардың мазмұны бойынша 10 пікірді сәйкестендірді. Сондай-ақ өз ойларын жүйелі түрде жеткізіп, тілдік сауаттылықтарын көрсету мақсатында эссе жазды. Бітірушілер мәтінді талдау, негізгі ойды анықтау, өз көзқарастарын дәлелдеу және әдеби тіл нормаларын сақтау бойынша дайындықтарын көрсетті.
Оқушылар емтихан тапсырмаларын жауапкершілікпен орындап, көп жылғы еңбектерінің нәтижесін дәлелдеуге тырысты. Олар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және сыни ойлау дағдыларын көрсете білді.
Мектеп ұжымы барлық түлектерді соңғы емтиханның аяқталуымен құттықтайды. Бітірушілерге алдағы өмір жолында сәттілік, жоғары жетістіктер, таңдаған мамандықтары бойынша табыс және жарқын болашақ тілейміз!

Просмотров: 394

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст