Текст
04.06.2026
4 маусым күні мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған танымдық викторина өткізілді. Іс-шараға қатысушылар еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы білімдерін тексерді. Олар қызықты сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындады және ұлттық құндылықтарға деген құрметтерін көрсетті. Викторина оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, мемлекеттік рәміздердің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.