"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бастауыш мектептегі Соңғы қоңырау салтанатты мерекесі.

24.05.2026

2026 жылғы 22 мамыр күні «Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш мектептегі Соңғы қоңырауға арналған салтанатты мереке өтті. Мереке салтанатты жиыннан басталып, онда мектеп директоры үздік оқыған оқушыларға мақтау қағаздарын, мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін дипломдар мен грамоталарды табыстады. Сондай-ақ мектеп өміріне және балалар тәрбиесіне белсенді қатысқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл күн 4-сынып түлектері, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін маңызды әрі толқынысқа толы оқиға болды. Осыдан төрт жыл бұрын бүлдіршіндер мектеп табалдырығын алғаш аттаса, бүгін олар бастауыш білім беру сатысымен қоштасып, орта буындағы жаңа белестерге қадам басуда. Осы уақыт ішінде оқушылар білім алып, достасуды, қиындықтарды жеңуді және жетістікке жетуді үйренді.
Мерекеде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан құттықтау мен ізгі тілектер айтылды. Түлектер өлеңдер оқып, әндер орындап, шығармашылық өнерлерін көрсетіп, мектептегі қызықты сәттерімен бөлісіп, білім ордасына алғыстарын білдірді.
Салтанатты көңіл күй, ақжарма тілектер мен шаттыққа толы жүздер бұл күнді мерекеге қатысушылар үшін ұмытылмас етті. Бастауыш сынып түлектері үшін бұл Соңғы қоңырау өмірлеріндегі жаңа да қызықты кезеңнің бастамасы болып, жарқын жетістіктерге, жаңа білім мен толағай табыстарға жол ашсын.
4-сыныптың сынып жетекшісі Годованец И.А.

Просмотров: 302

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст