Текст
20.05.2026
18 мамыр күні мектеп кітапханашысы қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған танымдық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.
Танымдық сағат барысында оқушылар Олжас Сүлейменовтің өмірбаянындағы қызықты деректермен танысып, оның шығармаларын оқып, ақын шығармашылығы мен қоғамдық қызметінің маңызын талқылады. Ерекше назар патриоттық тақырыптарға, Отанға деген сүйіспеншілікке және халықтың мәдени мұрасын сақтауға аударылды.