Текст
10.05.2026
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу аясында барлық сыныптарда ерлік сабақтары өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тарихтың ерлікке толы беттерімен, Отан қорғаушылардың ерліктерімен және болашақ ұрпақ үшін бейбітшіліктің маңызымен танысты.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеуге, ардагерлерге деген құрметті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.