Текст
10.05.2026
Мектеп кітапханасында Ұлы Отан соғысына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — оқырмандарға тарихтың ерлікке толы беттерін, Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған халықтың батырлығы мен қайсарлығын еске салу.
Көрмеде соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы кітаптар, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері жайлы материалдар, соғыс тақырыбындағы көркем шығармалар, деректі мәліметтер, сондай-ақ сол кезеңнің қасіреті мен ұлылығын бейнелейтін иллюстрациялар мен фотосуреттер ұсынылған. Ел тарихында мәңгі сақталған батырлар туралы баяндайтын басылымдар ерекше орын алады.