"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Конституция кілті»

28.04.2026

Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушылары арасында «Конституция кілті» атты ойын-квест өтті.
Іс-шара Ақмола облысы Білім басқармасының тапсырмасы аясында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен нормаларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ оның негізгі ережелерін өскелең ұрпаққа түсіндіру мақсатында өткізілді.
Квест барысында қатысушылар еліміздің негізгі заңы бойынша білімдерін көрсетті, тақырыптық тапсырмаларды орындады, топпен жұмыс жасап, тапқырлықтары мен белсенділіктерін танытты. Квестке тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де қатысып, балалармен бірге барлық кезеңдерден өтіп, тапсырмаларды орындады.
Іс-шара танымдық әрі қызықты форматта өтіп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Просмотров: 427

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст