"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқылым сауаттылығын дамытуға арналған практикалық тәсілдер»

26.04.2026

24 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқылым сауаттылығын дамытуға арналған практикалық тәсілдер» тақырыбындағы семинар аясында ашық сабақтар мен шеберлік сағаты өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жамбаева Ақботе Отарбаевна 8-сыныпта «Қазақтың тіліне ғашық болдым» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқылым сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова Назгуль Серикбаевна «Оқу сауаттылығы және жасанды интеллект: қазақ тілі сабағында қызығушылықты арттырудың заманауи жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар заманауи тәсілдермен және сабақта жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарымен танысты.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Овчинникова Анастасия Александровна 5-сыныпта «Seasons/months» тақырыбында сабақ өткізіп, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың белсенді әдістерін көрсетті.

Семинар жоғары деңгейде өтіп, тәжірибе алмасуға және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Просмотров: 321

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст