Текст
16.04.2026
«Шуйский ауылының ЖББ» КММ 5-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық емтиханға дайындық жүргізілуде.
Оқушылар негізгі тақырыптарды қайталап, ережелерді бекітуде, мәтіндермен жұмыс жасап, сауатты сөйлеуді дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындауда. Әсіресе, оқылымды түсіну және өз ойын дұрыс жеткізуге ерекше көңіл бөлінуде.
Дайындық қызықты әрі белсенді түрде өтуде, себебі бұл оқушылар үшін өз білімдері мен дағдыларын тексерудің маңызды кезеңі.