Текст
14.04.2026
10,11-сыныпта «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында сабақ өтті. Сабақ барысында «Эмоцияларды бақылауда ұстау» және «Буллинг» тақырыптарында тренингтер өткізілді.
Оқушылар эмоцияларды тануды үйреніп, сабыр сақтаудың қарапайым тәсілдерін тәжірибеде қолданып көрді.
Әртүрлі жағдайлар талданып, дұрыс әрекет ету жолдары қарастырылды, сондай-ақ көмекке қайда жүгінуге болатыны еске түсірілді.