Текст
10.04.2026
Аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы туралы хабарлау айлығы аясында 9 сәуір күні мектепте «Аутизм туралы не білу керек» атты ақпараттық стенд безендірілді.
Стендте ұсынылған:
қысқаша ақпарат: аутизм деген не;
АСБ-ның негізгі белгілері;
қарым-қатынас жасау ережелері;
аутизм символы 🧩💙;
«Аутизмі бар сыныптасыңа қалай қолдау көрсетуге болады» атты жадынама.
Стендтің мақсаты — оқушылар мен педагогтердің хабардарлығын арттыру, толерантты көзқарасты қалыптастыру және әрбір бала үшін мектепте қолайлы, мейірімді орта құру.
Стенд мектептің холлында орналастырылған және барлық оқушылар мен ата-аналарға қолжетімді.