Текст
09.04.2026
Ағылшын тілі онкүндігі аясында мектеп кітапханасында "Ағылшын тілі әлемінде" атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме оқушыларды ағылшын тіліндегі әдебиеттердің алуан түрлілігімен таныстырды: көркем шығармалар, сөздіктер, энциклопедиялар, сонымен қатар грамматика мен ауызекі сөйлеу құралдары.
Көрме барысында оқушылар ұсынылған материалдармен белсенді танысып, оқуға арналған кітаптарды таңдап, ой-өрістерін кеңейтіп, ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттырды.